Жазғы лагерьде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
-
Жазғы маусымдық лагерьде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін.
-
Олар :
-
Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;
-
Алғырлық, зерделік, тілдік, шоу сайыстары;
-
Ұлттық дәстүрлер мерекесі;
-
Өнер байқаулары;
-
Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;
-
Пікірталас, пікір – сайыстар, интерактивті тапсырмалар;
-
Сөздік сайыстар, саяхаттар:
-
Поэзия кештері;
-
Ән күй кештері;
-
Концерттік кештер;
-
Би кештері, т.б.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын үйлесімді
ұйымдастыра отырып, сауықтыру
іс- шараларын жүзеге асыру.
Лагердің болатын күндері:
Уақыты: 9.00-12.30
Өтетін орны: Ойын алаңы, кітапхана, мектеп алаңы.
-
Ойын бөлмесіндегі, ұйқы бөлмесіндегі ток көздеріне, сымдарға қол тигізбеу есте болсын.
-
Алаңға, өзенге саяхат кезінде сапта жүру тәртібін бұзуға болмайды. Транспорттан сақтану керек.
-
Асханада тамақтану кезінде үстел басында тыныш отыра біл. Қозғалақтап отырып,тамағыңды төгесің. Ыстық болса, күйіп қалу қаупі бар.
-
Топтағы өзіңдей балалармен тіл табысуға тырыс. Жоқтан өзгеге ыза болып,төбелесуден аулақ бол.
-
Өзенге рұқсатсыз түсуге болмайды.
-
Қайшы, ине, пышақ сияқты үшкір заттарды пайдаланғанда сақ бол.
-
Әр күн өзінше қызық. Бірде – бір күн қалмай қатыс.
-
Үлкеннен қамқорлық, кішіден ізет, топтағы әр жастағы балалар ұйымшылдығын сақта.
-
Белсенділік көрсет. Біліміңді, өнеріңді көпшілік көрсін.
-
Лагерь – демалыс орының. Тазалықты, эстетиканы сақта.
-
Ойыншықтар,спорт құралдары, жазу,сурет,еңбек құралдары – ортақ. Меншіктеп кету болмасын.
-
Оқу залында, ұйқы бөлмесіндегі тыныштық сақталсын.
-
Ас – адамның арқауы, Аспазға «Рахмет!» айтуды ұмытпа.