Жазғы лагерьде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Жазғы лагерьде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

  • Жазғы маусымдық лагерьде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін.

  • Олар :

  • Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;

  • Алғырлық, зерделік, тілдік, шоу сайыстары;

  • Ұлттық дәстүрлер мерекесі;

  • Өнер байқаулары;

  • Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;

  • Пікірталас, пікір – сайыстар, интерактивті тапсырмалар;

  • Сөздік сайыстар, саяхаттар:

  • Поэзия кештері;

  • Ән күй кештері;

  • Концерттік кештер;

  • Би кештері, т.б.

 

Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын үйлесімді

ұйымдастыра отырып, сауықтыру

іс- шараларын жүзеге асыру.

Лагердің болатын күндері:

Уақыты: 9.00-12.30

Өтетін орны: Ойын алаңы, кітапхана, мектеп алаңы.

 

  1. Ойын бөлмесіндегі, ұйқы бөлмесіндегі ток көздеріне, сымдарға қол тигізбеу есте болсын.

  2. Алаңға, өзенге саяхат кезінде сапта жүру тәртібін бұзуға болмайды. Транспорттан сақтану керек.

  3. Асханада тамақтану кезінде үстел басында тыныш отыра біл. Қозғалақтап отырып,тамағыңды төгесің. Ыстық болса, күйіп қалу қаупі бар.

  4. Топтағы өзіңдей балалармен тіл табысуға тырыс. Жоқтан өзгеге ыза болып,төбелесуден аулақ бол.

  5. Өзенге рұқсатсыз түсуге болмайды.

  6. Қайшы, ине, пышақ сияқты үшкір заттарды пайдаланғанда сақ бол.

 

  1. Әр күн өзінше қызық. Бірде – бір күн қалмай қатыс.

  2. Үлкеннен қамқорлық, кішіден ізет, топтағы әр жастағы балалар ұйымшылдығын сақта.

  3. Белсенділік көрсет. Біліміңді, өнеріңді көпшілік көрсін.

  4. Лагерь – демалыс орының. Тазалықты, эстетиканы сақта.

  5. Ойыншықтар,спорт құралдары, жазу,сурет,еңбек құралдары – ортақ. Меншіктеп кету болмасын.

  6. Оқу залында, ұйқы бөлмесіндегі тыныштық сақталсын.

  7. Ас – адамның арқауы, Аспазға «Рахмет!» айтуды ұмытпа.

Дата публикации: 17.05.2026