25 қазан күні
Мектепте 23-қазан “25 қазан – Республика күніне” орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында еліміздің тарихы мен жетістіктері дәріптеліп, Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық, бірлік пен ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды. Мерекелік жиынның ерекше бөлігінің бірі – еңбегімен ерекшеленген ұстаздарды марапаттау рәсімі болды. Білім мен тәрбие саласына қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі үшін бірқатар ұстаздарға марапаттар табысталды.
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы тұлға. Еңбектері еленіп, мерейлері үстем болсын!
Республика күні құтты болсын!
Еліміздің көк байрағы көкте мәңгі желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік болсын!


Дата публикации: 04.11.2026